Қазақстан құрамасының дзюдодан Азия чемпионатындағы жарыс кестесі жарияланды


25-28 сәуір аралығында Таиланд астанасы Бангкок қаласында дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. Аталған додада 30 елден 300-ге жуық спортшы татамиге шығады. Қазақстан ұлттық құрамасы 17 дзюдошымен қатысып, медальдар мен рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.
Жарыс кестесі және қазақстандық қатысушылар:
25 сәуір
• Ерлер:
60 кг — Шерзод Давлатов, Нұрадил Алжан
66 кг — Ержан Еренқайыпов
• Әйелдер:
48 кг — Ғалия Тынбаева, Диана Бүркеева
52 кг — Толғанай Әбеуова
26 сәуір
• Ерлер:
73 кг — Есет Қуанов
81 кг — Азат Құмыспай, Мәди Амангелді
• Әйелдер:
57 кг — Бақыт Құсайынбаева
63 кг — Эсмегуль Ууйлова
70 кг — Кристина Сотникова
27 сәуір
• Ерлер:
90 кг — Мейірлан Максим, Ермахан Ануарбеков
+100 кг — Ерасыл Қажыбаев
• Әйелдер:
+78 кг — Әкерке Рамазанова, Назгүл Марато́ва
28 сәуір
• Аралас командалық жарыс
Бангкок уақыты бойынша алдын ала кезеңдер күн сайын таңғы 08:00-де басталады, ал финалдық белдесулер 15:00-де өтеді.
48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ғалия Тынбаеваға ерекше көңіл бөлінеді. Биылғы маусымда ол Astana Grand Slam турнирінде топ жарып, Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған. Бұл жолы да Тынбаева өз салмағында басты фавориттердің бірі саналады. Турнир басталмас бұрын Тынбаева өзінің дайындығына тоқталып, оның жеке тапсырмаларды ескере отырып және маусымдағы нақты мақсаттардан құрылғанын атап өтті.

Футбол
Кеше 18:07

Футбол
Кеше 17:27

Футбол
Кеше 16:59