locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық талант CS2-ні бағындырды: molodoy – HLTV нұсқасы бойынша әлемнің үздік дебютанты

FURIA ойыншысы Team Falcons пен NAVI-дің қарсыластарын артта қалдырып, әлемдік рейтингтің элитасына енді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қазақстандық талант CS2-ні бағындырды: molodoy – HLTV нұсқасы бойынша әлемнің үздік дебютанты
ФОТО: HLTV

Қазақстандық киберспортшы Данил molodoy Голубенко беделді HLTV.org порталының таңдауы бойынша CS2 дисциплинасында 2025 жылдың үздік дебютанты атағын иеленді.

Нәтижелер Counter-Strike әлемдік сахнасының үздік өкілдері жиналған HLTV Awards 2025 салтанатты рәсімінде қорытындыланды.

FURIA Esports бразилиялық ұйымының ойыншысы бұл марапат үшін Team Falcons сапындағы ресейлік Максим kyousuke Лукин мен Natus Vincere-дің Косоводан шыққан өкілі Дрин makazze Шакирден басым түсті.

Қазақ спортшысына марапатты Counter-Strike тарихындағы ең танымал ойыншылардың бірі, мароккан текті бельгиялық аңыз Адиль ScreaM Бенрлитом табыстады. Кештің басты жеке жүлдесі – «Жыл ойыншысы» атағы қатарынан үшінші рет француз Матье ZywOo Эрбоға бұйырды, ал molodoy маусым қорытындысы бойынша HLTV-дің жалпы рейтингінде жоғары алтыншы орынға көтерілді.

20 жастағы Данил Голубенко – Семей қаласының тумасы. Оның жоғары деңгейге жолы аса жылдам болды: FURIA сапындағы дебюті 2025 жылдың көктемінде өтсе, жазда команда Астанадағы ірі PGL турнирінің жартылай финалына дейін жетті. Маусымның шарықтау шегі – күз: 21 қыркүйекте FURIA 1,2 миллион доллар жүлде қорымен өткен FISSURA Playgrounds 2 турнирінде жеңіске жетті, ал қазақстандық ойыншы турнирдің MVP-і атанып, жыл жаңалығына айналғанын түбегейлі дәлелдеді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie