locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанда спортты жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру қағидалары өзгертілді

Әкімдіктер ұлттық құрамалар спортшылары мен олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай төлем жасай алады
Басқа спорт түрлері
Қазақстанда спортты жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру қағидалары өзгертілді
ФОТО: НОК РК

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі басым спорт түрлерінің тізбесін қалыптастыру және оларды қаржыландыру тәртібін қайта қарады. Тиісті бұйрыққа министр Ербол Мырзабосынов 2026 жылғы 18 қарашада қол қойды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жаңа қағидаларға сәйкес, басым спорт түрлерінің республикалық тізбесі жазғы және қысқы Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының, сондай-ақ Азия және Пара Азия ойындарының нәтижелері ескеріле отырып қайта қаралады. Тізімге жылына екі реттен артық өзгеріс енгізуге болмайды.

Өңірлік тізбелерді қалыптастыру тәртібі де нақтыланды. Оларды уәкілетті органдар республикалық тізім мен облыстар, астана және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ұсыныстары негізінде әзірлеп, бекітеді.

Құжатта жергілікті бюджет қаражатын бағыттауға болатын салалар айқындалған. Олардың қатарында спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау, өңірлік құрамаларды жасақтау және олардың жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ облыстық және аудандық деңгейдегі турнирлер өткізу бар.

Бұдан бөлек, қаржыны мемлекеттік спорт ұйымдарының жұмысын қамтамасыз етуге, спорт нысандарын салу мен реконструкциялауға және аккредиттелген федерациялармен бірлесіп жарыстар ұйымдастыруға пайдалануға болады.

Сондай-ақ Қазақстанның ұлттық құрамаларына кіретін спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл ретте оқу-жаттығу процесін қаржыландыру спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес болуы керек.

Бұйрық 2026 жылғы 4 желтоқсанда күшіне енеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie