locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жалғас Жұмағұлов Oktagon-нан кеткеннен кейін жаңа лигаға келісімшартқа отырды

Қазақстандық файтер алғашқы жекпе-жегін 20 желтоқсанда Дубайда өткізеді
ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon-нан кеткеннен кейін жаңа лигаға келісімшартқа отырды
ФОТО: instagram.com/zhumagulov_zhalgas/

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon MMA промоушенінен кеткеннен кейін мансабын жаңа ұйымда жалғастырады. Спортшы халықаралық ACB JJ лигасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жұмағұловтың айтуынша, келісім төрт жекпе-жекке жасалған. Алғашқы кездесуі 20 желтоқсанда Дубайда өтеді. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.

«Ассаламу алейкум, баршаңызға сәлем! Достар, қалайсыңдар, амансыңдар ма? ACB JJ-мен төрт жекпе-жекке келісімшартқа отырдым. 20 желтоқсанда Дубайда алғашқы жекпе-жегім өтеді. Қарсыласым да өте қызықты. Күтіңіздер», - деді файтер Instagram-да.

ACB JJ - бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг жарыстарын өткізетін ұйым.

Еске салайық, 21 қарашада қазақстандық спортшы Oktagon MMA-дан кететінін жариялап, ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартты. Жұмағұлов бұл шешімін лайықты қарсыластардың жоқтығымен және 56 келіге дейін салмақ қууын жалғастырғысы келмейтінімен түсіндірді. Сондай-ақ ол 25 желтоқсанда жекпе-жек өткізу туралы ұсыныстан бас тартқанын айтты.

Жұмағұлов Oktagon MMA-де 2024 жылдың қарашасынан бастап өнер көрсетті. 2025 жылдың маусымында Бено Адамияны жеңіп, чемпиондық атаққа ие болды, ал желтоқсанда UFC-дің бұрынғы файтері Давид Дворжакпен жекпе-жекте белбеуін сәтті қорғады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie