locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ризабек Айтмұханның болашағы туралы пікір білдірді

Данияр Қайсанов ұлттық құраманың балуанды басқа салмақ дәрежесіне ауыстыруды жоспарлап отырған-отырмағанын айтты
Басқа спорт түрлері
Қазақстан құрамасының бас бапкері Ризабек Айтмұханның болашағы туралы пікір білдірді
ФОТО: НОК РК

Қазақстанның еркін күрес құрамасының бас бапкері Данияр Қайсанов Ризабек Айтмұханға қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Маман спортшының жағдайын айтып, оның салмақ дәрежесін ауыстыруы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

«Ризабекке келсек, салмақ дәрежесін ауыстыру туралы түпкілікті шешім әзірге жоқ. Қазір ең бастысы — оның жарақатынан толық айығып, оңтайлы бабына келуі. Жақында оған тізесіне ота жасалды.

Алдағы уақытта оның 97 келіге дейінгі салмақтағы өнерін бағалап, қажет болған жағдайда басқа салмаққа ауысу мәселесін бапкерлер штабымен бірге талқылаймыз», - деді Қайсанов.

Еске салайық, Ризабек Айтмұхан Астанада өткен күрестен әлем чемпионаты кезінде тізесін жарақаттап алды. Жарақат турнирдің алғашқы белдесуінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевқа қарсы кездесуде болды. Қазақстандық балуан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Тексеруден кейін дәрігерлер ота жасау қажет деген шешім қабылдады. Спортшы тізесіне ота жасатып, өзін жақсы сезінетінін хабарлады. Алайда оның кілемге қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie