locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Исламиада-2025-те тағы бір медаль жеңіп алды

Камила Аймукашева таэквондодан қола жүлдегер атанды
Басқа спорт түрлері
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Қазақстан Исламиада-2025-те тағы бір медаль жеңіп алды
ФОТО: olympic.kz

Қазақстанның қоржынына Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы бір медаль түсті.

Камила Аймукашева таэквондодан қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшы қыз 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды.

Қола медаль үшін өткен жекпе-жекте Аймукашева Гамбия өкілі Мария Марчлинскиден басым түсті. Камила 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, кеше Тұрар Дүйсехан Қазақстанға Ислам ынтымақтастығы ойындарының 11-ші алтын медалін алып келді. Ал бейсенбі, 13 қараша күні Кирилл Герасименко Исламиада-2025-тің үстел теннисінен алтынын жеңіп алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie