locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кирилл Герасименко үстел теннисінен Исламиадада алтын жеңіп алды

Қазақстандық спортшы жекелей финалда жеңіске жетті
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Оlympic.kz

Қазақстанның үстел теннисі құрамасының өкілі Кирилл Герасименко Сауд Арабиясында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Ерлер арасындағы жекелей сында финалда қазақстандық теннисші Египеттен келген Омар Ассармен кездескен еді.

Герасименко шешуші ойында 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Ассардан реванш алды.

Айта кетерлігі, Кирилл Герасименко мен Омар Ассар 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында да кездескен болатын. Ол кезде басымдық египеттік спортшыда болып, ол ойында 4:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Жақында Қазақстан үстел теннисі құрамасы командалық есепте де алтын жүлде жеңіп алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie