locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Турар Дүйсехан Қазақстанға Ислам ынтымақтастығы ойындарының 11-ші алтын медалін сыйлады

Муай-тай шебері ирактық қарсыласын жеңді
Басқа спорт түрлері
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: olympic.kz

Муай-тай шебері Турар Дүйсехан Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстанға 11-ші алтын медаль әкелді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық айқаста Дүйсехан Ирак елінің өкілі Аяд Албадрды тізе бүктірді.

Бірінші раундта қарсыласы басымдық танытқанымен, келесі екі раундта қазақстандық спортшы жеңіске жетіп, шешуші жекпе-жектің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, бейсенбі, 13 қараша күні Кирилл Герасименко 2025 жылғы Исламиадада үстел теннисінен алтын жүлде иеленді. Ал 12 қарашада қазақстандық жүзушілер Исламиадада күміс медальға қол жеткізді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie