locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан - Қырғызстан көкпар финалында. Онлайн көру. LIVE-көрсетілім

Қазақстан құрамасы турнир қожайындарына қарсы шешуші кездесуде чемпиондық атағын қорғауға тырысады
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қазақстан - Қырғызстан көкпар финалында. Онлайн көру. LIVE-көрсетілім
ФОТО: ҚР КӨКПАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ

6 қыркүйекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан финал өтеді. Шешуші кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан бұл бәсекеге Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қазіргі чемпионы ретінде қатысып отыр. Команда алғашқы турды өткізіп алғанымен, кейін топтық кезеңде сенімді ойын көрсетіп, финалға жолдама алды.

Қазақстандықтар алдымен Ресей құрамасын 14:1 есебімен ойсырата жеңді. Одан кейін Мажарстанды 9:4 есебімен ұтып, В тобында бірінші орын иеленді.

Енді Қазақстанды басты сынақ күтіп тұр. Финалда команда Қырғызстанмен кездеседі. Екі құраманың текетіресі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы ең принципті бәсекелердің біріне айналып үлгерді. Қазақстан мен Қырғызстан финалда қатарынан үшінші рет жолығады.

Алдыңғы екі шешуші кездесу де Қазақстанның пайдасына аяқталған. Бір финалда қазақстандықтар 4:3 есебімен жеңіске жетсе, келесі жолы 5:4 есебімен басым түсті. Сондықтан алдағы матч Қырғызстан үшін қарымта қайтару мүмкіндігі болса, Қазақстан үшін чемпиондық мәртебесін тағы бір рет дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Кездесу Қазақстан уақытымен 10:00-де басталады. Финалдың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie