«Барыстың» «Металлургпен» сырт алаңдағы матчына шығатын құрамы белгілі болды
«Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы сериясы Магнитогорскіде жергілікті «Металлургке» қарсы өтетін матчпен жалғасады. Астаналықтардың ойынға қандай құраммен шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан астанасы командасының бас бапкері Михаил Кравец алдағы ойынға мына құрамды таңдады:
- Қақпашылар: Шепард, Шутов
- 1-бесдік: Масси, Дэй, Бэйли, Морелли, Пилон
- 2-бесдік: Приски, Данияр, Томпсон, Қайыржан, Савицкий
- 3-бесдік: Маккошен, Бекетаев, Логвин, Ляпунов, Симонов
- 4-бесдік: Бритиков, Өмірбеков, Мұратов, Асетов
Командалар ҚХЛ-дың Шығыс конференциясындағы көршілес орындарда тұр: «Металлург» жеті ұпаймен үшінші орында, ал «Барыс» алты ұпаймен төртінші орында. Алайда Кравец шәкірттері бір матч кем өткізді.
Командалардың бұған дейінгі матчтары 16 қыркүйекте өтті: «Металлург» өз алаңында мәскеулік «Спартакқа» 2:3 есебімен есе жіберсе, «Барыс» Тольяттиде жергілікті «Ладаны» 6:0 есебімен ойсырата жеңді.
Магнитогорскіде алғашқы ысқырық Астана уақытымен 19:00-де беріледі. Кездесудің бейнетрансляциясы қай жерде көрсетілетіні белгілі.