Қазақстан – Беларусь: футзалдан 2028 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 20 қазанда, Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің алғашқы матчында Беларусьпен кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Астанада өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Қазақстан құрамасының бас бапкері – Какау (Рикардо Камара Собрал).
Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан және оның ресми сайтынан көруге болады.
Іріктеудің негізгі кезеңінде Қазақстан құрамасы 6-топта өнер көрсетеді. Бұл топта оның қарсыластары Беларусь пен Албания құрамалары болады.
12 топтың жеңімпаздары және екінші орын алған командалардың арасындағы үздік төрт құрама элиталық кезеңге тікелей жолдама алады. Екінші орынға ие болған қалған сегіз команда плей-офф матчтарында қалған жолдамаларды сарапқа салады.
Іріктеу турнирі 2028 жылдың сәуір айында аяқталады. Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне Еуропаның жеті құрамасы қатысады.