locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жозе Моуринью қазақы шапан киіп көрді

Португалиялық маман қазақстандық Coca-Cola-дан да дәм татты
ФОТО: кадр из видео

Әлеуметтік желілерде bydastann лақап атымен танымал қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахим Мадридте «Реал» клубының жаттықтырушысы Жозе Моуриньюмен кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу кезінде ол маманға Қазақстанда өндірілген Coca-Cola ұсынып, ұлттық шапан сыйлады.

Блогердің айтуынша, оның видеосы Coca-Cola компаниясы өкілінің назарын аударған. Компания өкілі оны Мадридке шақырған. Дастанға Моуриньюді Қазақстанда өндірілген сусынмен таныстыру үшін оны ала келу ұсынылған.

Жаттықтырушы қазақстандық Coca-Cola-дан дәм татып, шапан киіп көрді. Осыдан кейін олар естелікке бірге суретке түсті.

Мұхамедрахим кездесуден алған әсерімен әлеуметтік желілерде бөлісті. Ол бұған дейін жазылушыларына Қазақстанның жетістіктері туралы айтып жүргенін, алайда бұл жетістіктерді көпшілік біле бермейтінін атап өтті. Енді блогер өз елін танымал футбол маманына жеке таныстыру мүмкіндігіне ие болған.

«Бұл – Қазақстанды әлемге танытудың тағы бір мүмкіндігі. Мен үшін бұл ерекше әрі ұмытылмас сәт», - деп жазды блогер.

Моуринью бұған дейін «Реалды» 2010-2013 жылдар аралығында басқарған. Португалиялық маманның жетекшілігімен клуб Испания чемпионы атанып, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. Биыл жазда атақты португалиялық маман «ақтар» сапына қайта оралды.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie