locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Азияда күрестен алғашқы медалін жеңіп алды

Құрама қоржынына қола жүлдені Мейіржан Шермаханбет салды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қазақстан Азияда күрестен алғашқы медалін жеңіп алды
ФОТО: НОК РК

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Мейіржан Шермаханбет Аичи мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

67 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін болған белдесуде Шермаханбет Моңғолия өкілі Ганбаяр Намсраймен кездесті.

Қазақстандық балуан қарсыласын 11:0 есебімен сенімді жеңіп, қола медаль иеленді.

Медальға апарар жол

Мейіржан Шермаханбет жарысты 1/8 финалдан бастап, онда ирандық Мохаммад Джавад Резаиді 14:5 есебімен жеңді. Кейін ¼ финалда қазақстандық балуан Оңтүстік Корея өкілі Хан Чжа Чуннан 5:4 есебімен басым түсті. Алайда жартылай финалда жапониялық Кётаро Согабеге 0:8 есебімен есе жіберді.

Қазақстанға күрестен екінші медальді 87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Шамиль Ожаев әкелуі мүмкін еді. Алайда қола жүлде үшін белдесуде қазақстандық балуан Өзбекстан өкілі Жалғасбай Бердімұратовтан 1:9 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстандық балуандардың барлық белдесулерінің толық кестесімен мына жерден таныса аласыз.

Әлем чемпионымен айқас: Азиядада қазақстандық балуандар кімдермен белдеседі

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie