locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ак Барс» — «Барыс» ҚХЛ-да: матчты тікелей эфирден қайдан көруге болады

Елорда командасы сырт алаңдағы ойындарын Қазан қаласындағы кездесумен бастайды
«Ак Барс» — «Барыс» ҚХЛ-да: матчты тікелей эфирден қайдан көруге болады
ФОТО: ХК "Барыс"

Бүгін, 30 қыркүйекте, Қазанның «Ак Барс» командасы ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Астананың «Барыс» клубына қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазан қаласындағы кездесу Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан, сондай-ақ сайттан көруге болады.

Командалардың өзара кездесуіне дейін «Барыс» 10 ұпай жинаса, «Ак Барстың» еншісінде 13 ұпай бар. Алайда Қазан командасы бір ойын артық өткізді.

«Барыс» бұған дейінгі өз алаңындағы матчтарында үш-үштен шайба соққанымен, Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасына (3:6) және Санкт-Петербургтің СКА клубына (3:5) есе жіберді.

Ал Қазанның «Ак Барсы» соңғы кездесулерін сырт алаңда өткізді. Олар Новосібірдің «Сибирь» командасын буллиттер сериясында 3:2 есебімен жеңсе, Магнитогорскінің «Металлургінен» 1:2 есебімен ұтылды.

«Ак Барс» пен «Барыс» арасындағы соңғы матч осы жылдың қаңтарында өтіп, Қазан командасының 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталған. Сонымен қатар «Барыс» бұл қарсыласын 13 матчтан бері жеңе алмай келеді. Астаналық клубтың соңғы жеңісі 2022 жылдың желтоқсанында тіркелген.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie