«Барыс» ойыншысы ҚХЛ-дың үшінші аптасының қорытындысы бойынша үздіктер қатарында
«Барыс» хоккейшісі Құрлықтық хоккей лигасы ойыншыларының үшінші аптаның қорытындысы бойынша жасалған рейтингінде үздік үштіктің қатарына енді, деп хабарлайды Sports24.kz.
ҚХЛ баспасөз қызметі ұсынған рейтингте үздік үштіктің екінші сатысына Қазақстан клубының өкілі орналасты.
Бұл — қорғаушы Джейк Масси. Ол 3,81 ұпай жинады. Бірінші орынға Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасының шабуылшысы Андрей Белозеров жайғасты. Оның көрсеткіші — 4,13 ұпай.
«Барыс» өткізген тоғыз матчтың қорытындысы бойынша бес жеңіске жетіп, төрт рет жеңілді. Астаналық клубтың еншісінде 10 ұпай бар. Команда Шығыс конференциясында бесінші орында келеді.
Бүгін астаналық команда Қазан — Нижнекамск — Мәскеу бағытындағы үш матчтан тұратын сырт алаңдағы сериясын бастайды. Сағат 21:00-де Михаил Кравец шәкірттері «Ак Барсқа» қарсы мұз айдынына шығады.
«Ак Барс» — «Барыс» ҚХЛ-да: матчты тікелей эфирде қайдан көруге болады