locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан академиялық ескек есуден Азия ойындарында тарихи медаль жеңіп алды

Бұл — Қазақстанның Азия ойындарындағы академиялық ескек есу тарихындағы алғашқы алтын медалі
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: НОК РК

Қазақстан Азия ойындарындағы академиялық ескек есу жарыстарында өз тарихындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Жапонияның Айти префектурасындағы Нагарагава халықаралық ескек есу арнасында Қазақстан құрамасы академиялық ескек есуден өткен жарыста тарихи медальға қол жеткізді.

Ерлер арасында қосарлы ескекшілер екілігі тәртібінде Қазақстан өкілдері Владислав Яковлев пен Иван Чернухин чемпион атанды.

Айта кетейік, бұл — Қазақстанның Азия ойындарындағы академиялық ескек есу тарихындағы алғашқы алтын медалі.

Сондай-ақ әйелдер арасында жеңіл салмақтағы қосарлы ескекшілер екілігі тәртібінде Қазақстан өкілдері Екатерина Носкова мен Мария Чернец мәреге бесінші болып жетті. Олардың нәтижесі — 7 минут 11,19 секунд.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл тәртіптегі жарысты үздік бестікпен аяқтады. Алтын медальді Иран спортшылары жеңіп алса, екінші орынға Гонконг өкілдері жайғасты, үшінші орынды Жапония құрамасы иеленді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie