locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алимханұлы WBC әлем чемпионын өзіне жасаған батыл шақыруына жауап беріп, күлкіге қалдырды

Жәнібек Карлос Адамес туралы көпшілік алдында пікір білдірді
ФОТО: Getty Images

Жәнібек Алимханұлы орта салмақтағы WBC әлем чемпионы Карлос Адаместің жекпе-жекке шақыруына жауап берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Кеше шын жүректен күлдім. Сөйтсем, мына Адамес мені жекпе-жекке шақырыпты. Жақсы бір молда тауып, оған жіберу керек еді, дұға оқып берсін. Байғұс жігітті аяп кеттім! Жекпе-жекке шығуды ұсынамын — ол қашады. Ал қашып жүріп: төбелесейік, дейді. Мен оны түсінбедім. Кеше күлкіден оған жауап бере алмадым», — деп жазды қазақстандық боксшы сторисінде.

Бұған дейін Адамес X әлеуметтік желісінде қазақстандық боксшыны жекпе-жекке ашық түрде шақырған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Адамеске қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы титулын міндетті түрде қорғауды тапсырған болатын. Тараптарға жекпе-жекті өткізу жөнінде келіссөз бастауды тапсырды. Егер келісімге қол жеткізілмесе, 20 қазанда жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы үшін промоутерлік сауда өтеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie