locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Абдурашид Абдуллаев Қазақстанға ушу бойынша Азия ойындарының күміс медалін сыйлады

Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстанның ушу құрамасы кезекті медалін жеңіп алды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: НОК РК

Ерлер арасында ушудың саньда дисциплинасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан құрамасының спортшысы Абдурашид Абдуллаев финалда Иран өкілі Сохейл Мусавимен кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық спортшы қарсыласына ұпай санымен есе жіберіп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандасымыз жартылай финалда Тайбэй өкілі Хуан Жангты техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бұған дейін «Аичи-Нагоя-2026» Азия ойындарында Қазақстан ушу бойынша қола медаль жеңіп алған еді. Оның иегері — саньдадан 70 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алған Алижан Аблагатов.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2014 жылғы Инчхон ойындарындағы нәтижесін қайталады. Қазақстан спортшыларының Азия ойындарындағы ушу бойынша көрсеткіштері:

Бангкок-1998 — 2 қола медаль;
Инчхон-2014 — 1 күміс және 1 қола медаль;
Ханчжоу-2023 — 1 қола медаль;
Аичи-Нагоя-2026 — 1 күміс және 1 қола медаль.

Бүгін XX жазғы Азия ойындары аясындағы ушу жарыстары аяқталды.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie