Азиададағы Сабырхан мен Балкибекованың жекпе-жектері: тікелей эфирді қайдан көруге болады
Бүгін, 24 қыркүйекте, Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан бокс құрамасының екі өкілі — Торехан Сабырхан мен Алуа Балкибекова алғашқы жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. 1/8 финалда қазақстандық боксшы Катар өкілі Мұхаммед Дбичимен кездеседі. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 09:45-ке жоспарланған.
Одан кейін шаршы алаңға Алуа Балкибекова шығады. 51 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда екі дүркін әлем чемпионы Үндістан өкілі Сакши Чаудхаримен жұдырықтасады. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 13:45-те басталады. Сакши бұған дейін филиппиндік Айра Вильегасты 5:0 есебімен жеңген.
Екі жекпе-жектің де тікелей трансляциясы «Qazaqstan» телеарнасында қолжетімді болады.
Қазақстандық боксшылардың арасынан Азиада-2026 додасында алғаш болып Сабыржан Аққалықов өнер көрсетті. 80 келіге дейінгі салмақтағы турнирдің 1/8 финалында ол Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Сонға төрешілердің бөлінген шешімімен 2:3 есебімен жол берді.
Қазақстан Азиаданың бокс турнирінде барлығы 11 спортшымен — алты ер және бес әйел боксшымен таныстырылған. Ерлер құрамында Махмұд Сабырхан (55 кг), Оразбек Асылқұлов (60 кг), Торехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (80 кг), Нұрбек Оралбай (90 кг) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар. Әйелдер құрамына Алуа Балкибекова (51 кг), Назым Қызайбай (54 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбикеева (65 кг) және Наталья Богданова (75 кг) енді.