Асаубаева Синдаровты қолдау үшін беделді турнирдің финалын өткізіп алды
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Өзбекстан гроссмейстері Жавохир Синдаровты әлем чемпионы атағы үшін өтетін матчта қолдау мақсатында WR Women’s Chess Tour турнирінің гранд-финалына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Sports24.kz Chess.com-ға сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Асаубаева Францияда өткен рапид турниріндегі жеңісінің арқасында финалға жолдама алғанымен, шақыруды қабылдамауға шешім қабылдаған. Оның орнына украиналық шахматшы Мария Музычук қатысты. Осылайша, жарыста Музычуктың екі әпкесі де өнер көрсетті.
WR Women’s Chess Tour гранд-финалы 22–23 қарашада Германияның Штутгарт қаласында өтті. Турнирге блиц пен рапидте бақ сынаған сегіз шахматшы қатысты. Жүлде қоры 40 мың долларды құрады.
Ал Жавохир Синдаров әлем чемпионы, үндістандық Гукеш Доммараджуға қарсы шахмат тәжін сарапқа салатын матчқа дайындалып жатыр. Кездесу Швейцарияның Женева қаласында өтеді, алғашқы партия 24 қарашаға жоспарланған.