locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Олар еш тоймайды»: Де ла Фуэнте Ұлттар лигасындағы Испания құрамасы туралы пікір білдірді

Төрт матчтан кейін Испания құрамасы 12 ұпай жинап, өз тобындағы турнир кестесін бастап тұр
ФОТО: Jose Manuel Alvarez Rey/Getty Images
УЕФА Ұлттар Лигасы. А Лигасы
06.10.2026, Аяқт.
Хорватия
1
Испания
2

Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте Ұлттар лигасының 4-туры аясында Хорватияны (2:1) жеңгеніне баға берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

– Бұл статистиканы көрдіңіздер ме, білмеймін, бірақ Аргентинамен қатар Испания – әлем чемпионатындағы жеңістен кейінгі алғашқы төрт матчында да жеңіске жеткен тарихтағы жалғыз ұлттық құрама. Мұның қалай жүзеге асып жатқанын және бұл команданың өзі үшін нені білдіретінін білмеймін. Өйткені бүгін Испанияға Ұлттар лигасының ширек финалына шығу үшін тең ойын да жеткілікті еді. Бірақ жігіттер бәрібір тек жеңіс үшін ойнады.

– Бар құпия футболшыларда: олардың амбициясы керемет. Мен мұны жиі қайталаймын, сіздер де мұны бірнеше рет естіген шығарсыздар. Бірақ шын мәнінде солай. Спорттық тұрғыдан олар еш тоймайды, үнемі бұдан да көп нәрсеге ұмтылады. Олар жеңістен басқа ешқандай нәтижені мойындамайды және тек сол үшін күреседі. Қалғанының бәрін футболдың өзі орнына қояды. Ал егер жеңіске жету үшін қолыңнан келгеннің бәрін жасасаң, жеңу мүмкіндігің де әлдеқайда жоғары болады. Бұл команда бүгін де, осы уақытқа дейінгі бүкіл жолында да алаңға әрдайым тек жеңу үшін шығатынын дәлелдеп келеді.

Мен бұл статистиканы білмеппін, бірақ ол осы керемет ойыншылар тобының іске деген көзқарасын өте дәл көрсетеді. Қазір олар өз мақсаттарына тұрақты түрде жетіп жүр. Бұған дейін айтқанымдай, әлем чемпионатындағы жеңістен кейін тоқмейілсіп кеткен жоқпыз. Біз бұдан да мықты болғымыз келеді. Сондықтан басты мақсатымыз өзгеріссіз қалады – команда ретінде дамуды жалғастырып, алдымызға қойған барлық міндеттерді орындау.

Еске сала кетейік, төрт матчтан кейін Испания құрамасы 12 ұпай жинап, 3-топтың турнир кестесінде көш бастап тұр. Англия тоғыз ұпай еншілеп, екінші орында келеді. Хорватия үш ұпай жинады, ал Чехияның еншісінде әзірге ұпай жоқ.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie