«Барыс» қорғаушысы ҚХЛ-ның үздік ойыншысы атанды
ҚХЛ маусымның соңғы үш аптасындағы ойыншылар рейтингін ұсынды — Логан Дэй көш бастады, үздіктер қатарында оның командаласы Джейк Масси де бар, деп хабарлайды Sports24.kz
«Рейтинг көптеген статистикалық көрсеткіш негізінде есептеледі. Мысалы, қақпашылар үшін бір ойынға тойтарылған соққылардың орташа саны ескеріледі, ал жіберілген шайбалардың орташа көрсеткіші жалпы мәннен шегеріледі. Қорғаушылар мен шабуылшылар үшін ұпайлардан бөлек, «плюс/минус» көрсеткіші, сондай-ақ бір ойынға шайбаны тартып алу, күштік тәсілдер мен бұғатталған соққылардың орташа саны есепке алынады. Форвардтарда тең құрамда, кем құрамда және басым құрамда соғылған голдар жеке қарастырылады», — делінген лига хабарламасында.

Логан Дэй 6 (0+6) ұпай жинап, пайдалылық көрсеткішін +4-ке жеткізді. Америкалық қорғаушының еншісінде төрт күштік тәсіл, алты бұғатталған соққы және шайбаны бір рет тартып алу бар.
«Барыс» келесі кездесуін сенбі, 10 қазанда, өз алаңында омбылық «Авангардқа» қарсы өткізеді.
ҚХЛ чемпионатының жалпы кестесінде «Металлург» көш бастап тұр, ал «Барыс» Шығыс конференциясында бесінші орында келеді.