locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: Нокаут Темировтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегінің тағдырын шешті

Өзбекстандық файтер Лонир Каванаға есе жіберді
ММА
ФОТО: скриншот

Аралас жекпе-жек бойынша өзбекстандық файтер Рамазан Темиров UFC-дегі төртінші жекпе-жегін сәтсіз өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Темиров Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен UFC 333 аралас жекпе-жек турнирінде ағылшын файтері Лонир Каванаға есе жіберді. Жекпе-жек ең жеңіл салмақта өтіп, бірінші раундта ағылшын спортшысының техникалық нокаутпен жеңуімен аяқталды.

Кавана үшін бұл жеңіс кәсіби мансабындағы он бірінші жеңіс болса, Темиров үшінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, 2025 жылдың шілдесінде Темиров Абу-Дабиде өтетін UFC турнирінде қазақстандық Асу Алмабаевпен жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда өзбекстандық файтердің жекпе-жек алдында тыйым салынған препараттарды қабылдауына байланысты кездесу өтпей қалды. Сол кезде Темиров бір жылға дисквалификацияланды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie