locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мухаммед Мокаев Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді: \"Шавкат UFC чемпионы атанса екен деймін\"

Мухаммед Мокаев Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді: "Шавкат UFC чемпионы атанса екен деймін"
ФОТО: Getty images

UFC-дің бұрынғы жауынгері Мухаммед Мокаев қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов жайлы ойымен бөлісті.

“Иә, біз Майамиде дайындық кезінде кездескенбіз. Өте жақсы жігіт. Оның Белал Мухаммедпен жекпе-жегін асыға күтіп жүрмін. Шавкат UFC чемпионы атанса екен деймін”, — деді Мокаев “Спорт Шредингері” Telegram-арнасына берген сұқбатында.

Бастапқыда Рахмонов (19-0) мен Мухаммед (24-3) 8 желтоқсанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) октагонға шығуы керек еді. Алайда америкалық файтер аяқ саусағындағы инфекцияға байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Қазіргі таңда жекпе-жектің ресми күні жарияланбаған, бірақ оның 10 мамырда Канадада өтуі мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie