locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Махачев Топуриядан қорқады ма? Чемпионның менеджері бұл сұраққа жауап берді

Махачев Топуриядан қорқады ма? Чемпионның менеджері бұл сұраққа жауап берді
ФОТО: Getty images

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің менеджері Ризван Магомедов оның Илия Топуриямен мүмкін болатын айқасы жайлы пікір білдірді. Испания намысын қорғайтын грузин спортшысы жақында жеңіл салмаққа ауысқан еді.

“Топурия Дастин Порье немесе Чарльз Оливейрамен жекпе-жек өткізіп, өзін нағыз жеңіл салмақтың өкілі екенін дәлелдеуі керек. Бізге тағы бір кішкентай жартылай жеңіл салмақ өкілін жеңудің қажеті жоқ. Бізге бүкіл әлем үшін маңызы бар үлкен айқас керек. Біз бұған дейін ұзақ уақыт осы дивизионда көш бастаған жартылай жеңіл салмақ чемпионына мүмкіндік бердік”, – деп жазды Магомедов әлеуметтік желіде.

20 ақпанда 28 жастағы Илия Топурияның UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы титулынан ресми түрде бас тартқаны белгілі болды. Енді Топурия жаңа белбеуді иеленуге ниетті. Алайда Магомедовтің сөзіне қарағанда, Махачев пен оның командасы жеңіл салмаққа енді ғана көтерілген қарсыласпен айқасуға асықпай отыр.

33 жастағы Ислам Махачев соңғы рет UFC 311 турнирінде октагонға шығып, Ренато Мойканоны сенімді түрде жеңіп, чемпиондық белбеуін төртінші мәрте қорғады. Осыдан кейін ол үзіліс алып, командасы атап өткендей, енді тек жоғары деңгейлі қарсыластармен ғана кездесуді жоспарлап отыр.

Топурия титулға бірден таласуға мүмкіндік ала ма, әлде алдымен жеңіл салмақтың басты үміткерлерімен күш сынасуға мәжбүр бола ма? Бұл сұрақтың жауабын жақын арада білетін боламыз. Ал әзірге біздің Сергей Морозовпен эксклюзивті сұқбатымызды оқи аласыз!

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie