locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Илия Топурия жеңіл салмаққа ауысты

Илия Топурия жеңіл салмаққа ауысты
ФОТО: gettyimages.com

Испан-грузин спортшысы Илия Топурия ресми түрде жеңіл салмақ дәрежесіне ауысады.

Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеді. Ол Топурияның жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді босатқанын және енді бұл титул үшін UFC 314 турнирінде Александр Волкановски мен Диего Лопес таласатынын айтты.

Бұған дейін Топурия жартылай жеңіл дивизионда өнер көрсетіп, UFC-дің ең жарқын жұлдыздарының бірі ретінде танылған. Оның агрессивті стилі мен әсерлі жекпе-жектері жанкүйерлер мен мамандардың назарын аударған.

Жеңіл салмаққа ауысу Топурия үшін жаңа сынақтар болмақ. Алайда ол өз күшіне сенімді және дивизионның үздік спортшыларымен бәсекелесуге дайын. Айта кетейік, аралас жекпе-жектердегі мансабында Илия Топурия 16 жеңіске жетіп, ешқашан жеңілген емес. Соңғы кездесуінде ол америкалық Макс Холлоуэйді жеңген болатын.

Алдын, Неліктен Шавкат Рахмонов Белал Мухаммадпен өтетін титулдық жекпе - жектен бас тартты?

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie