locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ислам Махачев Иэн Гэрриді жеңіп, UFC чемпионы атағын қорғады

Ресейлік файтер жартылай орта салмақтағы белбеуін алғаш рет сәтті қорғап, мансабындағы 29-жеңісіне қол жеткізді
ФОТО: Getty images

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік файтер ирландиялық Иэн Гэрримен кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бес раундқа жоспарланған кездесу толық дистанцияға созылды. Алғашқы раундтан-ақ Махачев күреске басымдық беріп, қарсыласын торға қысып, бірнеше рет партерге түсірді. Гэрри ара-тұра тік тұрыста қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, чемпион жекпе-жектің көп бөлігінде жағдайды бақылауда ұстады.

Екінші раундта Махачевтің дәл тепкісі Гэрри үшін қауіпті сәттердің біріне айналды. Ирландиялық файтер кездесуді жалғастырып, кейінгі раундтарда қарқынын арттыруға тырысты. Соған қарамастан, Ислам күрестегі басымдығын пайдаланып, қарсыласына еркін әрекет етуге мүмкіндік бермеді.

Бес раундтың қорытындысы бойынша жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды. Нәтижесінде Махачев жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеуін алғаш рет сәтті қорғады.

Бұл Исламның кәсіби мансабындағы 29-жеңісі болды. Ал Гэрри екінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Айта кетейік, ирландиялық файтердің мансабындағы алғашқы жеңілісін қазақстандық Шавкат Рахмонов тіркеген. 2024 жылдың желтоқсанында «Номад» Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie