Қырғызстандық файтер Дана Уайт турниріндегі нокауттан кейін UFC келісімшартына ие болды
Қырғызстандық файтер Ақбар Абдуллаев (13-0) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен Dana White’s Contender Series турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Абдуллаевтың қарсыласы бразилиялық Эднилсон Сантос (14-7-1) болды. Жекпе-жек небәрі 19 секундқа созылды — Қырғызстан өкілі нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Абдуллаев ММА-дағы қатарынан 14-ші мерзімінен бұрын жеңісіне қол жеткізді. Ал Сантос кәсіби мансабындағы сегізінші жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, жекпе-жекке дейін Абдуллаевтың рекорды 13 жеңіс пен бірде-бір жеңілістен тұрды. Сантоспен болған жекпе-жектен кейін ол көрсеткішін 14-0-ге жеткізді. Оның кәсіби жекпе-жектерінің барлығы мерзімінен бұрын аяқталған: 13 нокаут және бір сабмишн арқылы жеңіс.
Жекпе-жектен кейін UFC президенті Дана Уайт Абдуллаевтың өнерін жоғары бағалап, оны соңғы он жылдағы Dana White’s Contender Series турнирінің ең үлкен таланты деп атады.
Сонымен қатар, Уайт Қырғызстандық файтерге UFC келісімшартын табыстады.