locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Еркебұлан Тоқтар әлі күнге дейін неге үйленбегенін түсіндірді

Еркебұлан Тоқтар бойдақ жүруінің себебін айтты
Еркебұлан Тоқтар әлі күнге дейін неге үйленбегенін түсіндірді
ФОТО: IG Токтар

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар әлі күнге дейін неге үйленбегенін айтып берді. Спортшының сөзінше, оған үйлену туралы сұрақтың жиі қойылатыны сонша, бұл тақырыпқа әлдеқашан үйреніп кеткен, деп хабарлайды Sports24.kz.

Тоқтар жеке өміріне деген қызығушылықтың үнемі жоғары екенін жасырмады. Оның айтуынша, танымалдық жаңа адаммен танысуға да, қарапайым кездесуге шығуға да айтарлықтай кедергі келтіреді.

Үйлену жайлы сұрақты қаншалықты жиі еститіні туралы Еркебұлан әзілмен жауап берді.

«Шамамен әр екі сағат сайын біреу үйлену туралы сұрап қалады», - деді Тоқтар «AlibekovKZ» YouTube-арнасына берген сұқбатында.

Файтер әзірге отбасын құрмауына танымалдығы да әсер етіп отырғанын жеткізді.

«Мұның бәрін қалай тыныш ұйымдастыруға болатынын білмеймін. Біреумен кездесуге шықсам болды, жұрт бірден талқылап, суретке түсіре бастайды. Содан бәрі қиындап кетеді», - деді ол.

Еркебұланның айтуынша, қызбен қарапайым кездесудің өзі көп жағдайда айналасындағылардың назарынан тыс қалмайды.

«Кафеге немесе басқа бір жерге емін-еркін бара алмайсың - танып қояды, видеоға түсіреді. Кейде 20-21 жасымда-ақ үйленіп алу керек пе еді деп ойлаймын. Көп адам солай жасайды ғой», - деп қосты Тоқтар.

Қазіргі таңда Еркебұлан Тоқтар ресми түрде үйленбеген. Спортшының жеке өмірі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын жиі аударғанымен, өзі бұл тақырыптың егжей-тегжейін көпшілікке аша бермейді.

Тоқтар соңғы жекпе-жегін Астанада Өзбекстан өкілі Бобиржон Исроиловқа қарсы өткізді. Қазақстандық спортшы қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, өзбек файтеріне кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркетті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie