ДЕРЕККӨЗ. Дана Уайт Макгрегор мен Логан Пол арасындағы көрме жекпе-жегін өткізуге тыйым салды
UFC президенті Дана Уайт Конор Макгрегор мен танымал рестлер Логан Пол арасындағы көрме бокс жекпе-жегін өткізуге рұқсат беруден бас тартты. Dailymail порталының мәліметінше, бұл шешім Уайттың Логанның інісі, танымал блогер және кәсіби боксшы Джейк Полға деген теріс көзқарасымен байланысты.
Бұған дейін Макгрегордың үш жарым жыл бойы UFC-де өнер көрсетпегені белгілі болған еді. Ол Логан Полмен жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізді. Жекпе-жектің жүлде қоры 250 миллион долларды құрайды деп жоспарланған, ал оның осы жылдың соңында Үндістанның Мумбай қаласында өтуі мүмкін екені айтылды.
Сондай-ақ, бұл шараны ұйымдастыруға Үндістандық миллиардерлер Амбани отбасы қатысуы мүмкін деген қауесет бар.
Илия Топурия – Александр Волкановски: Жылдың реваншы UFC 314 турнирінде Майамиде өтеді