Асу Алмабаевтың жаңа қарсыласы белгілі болды
ММА
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: UFC
Қазақстандық UFC жеңіл салмақтағы (57 келіге дейін) файтері Асу Алмабаев (21-2) Стив Эрцегпен (12-3) жекпе-жек өтпейтіні белгілі болғаннан кейін жаңа қарсыласының есімін білді.
Жаңа қарсылас бразилиялық Аллана Насименто (20-6) болмақ. ESPN хабарлауынша, файтерлер 2-ші наурызда өтетін UFC Vegas 103 турнирінде октагонға шығады.
Қазақстандық спортшы соңғы жекпе-жегін қазан айында өткізіп, Матеус Николауды (19-5-1) бірауыз шешіммен жеңіп, өз салмағында үздік ондықтың қатарына енді.
Насименто өз кезегінде соңғы рет 2023 жылдың басында Карлос Эрнандеспен (9-2) жекпе-жек өткізіп, тұншықтыру әдісімен жеңді.