locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Асу Алмабаев пен Стив Эрцег арасындағы жекпе-жек не себепті өтпейтіні белгілі болды

Асу Алмабаев пен Стив Эрцег арасындағы жекпе-жек не себепті өтпейтіні белгілі болды
ФОТО: Getty images

Қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың аустралиялық Стив Эрцегпен жекпе-жегі жоспарланғандай өтпейтін болды. Кевин Айолдың мәліметінше, бұл кездесудің болмауына Эрцегтің басқа қарсылас тапқаны себеп болған.

Қазір ол бұрынғы чемпион Брендон Мореноға қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл кездесу 29 наурызда Мехикода өтетін UFC турнирінің басты оқиғасы ретінде қарастырылып жатыр. Айолдың айтуынша, бұл ақпарат оған сол дереккөзден жеткен, ол бұған дейін 22 ақпанда өтетін Генри Сехудо мен Сонг Ядонг арасындағы мейн-ивент туралы бірінші болып хабарлаған.

Ал Асу Алмабаев 2 наурызда АҚШ-та октагонға шығатыны белгілі болды, алайда оның жаңа қарсыласы әзірге анықталған жоқ. Қазіргі таңда оның кәсіби рекорды 21 жеңіс пен 2 жеңілістен тұрады. UFC-дегі төрт жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie