locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алмабаев Николауды жеңіп, жеңістер сериясын 17-ге дейін жеткізді

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Алмабаев Николауды жеңіп, жеңістер сериясын 17-ге дейін жеткізді
ФОТО: Jeff Bottari

Невада штаты, Лас-Вегаста UFC Vegas 99 турнирі өтіп жатыр. Алдын ала кардтағы соңғы жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы (56,7 кг дейін) топ-15 спортшылары — бразилиялық Матеус Николау (19-5-1) мен қазақстандық Асу Алмабаев (21-2) кездесті.

Алмабаев өзінің жеңісті сериясын жалғастырып, 17 кездесу қатарынан жеңіске жетіп келеді.

Бірінші раунд салыстырмалы түрде тыныш өтті, бірақ екінші раундта Алмабаев Николаудың “гильотинасына” түсіп, жеңіліске жақын қалды. Соған қарамастан, Асу қиын сәттен шығып, үшінші раундта партерде үстемдік етті.

Төрешілердің бірауызды шешімімен 29-28 есебімен жеңіске Алмабае жетті. Бұл оның UFC-дегі төртінші жеңісі.

Николау қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады. Осы жекпе-жекке дейін ол ең жеңіл салмақтағы рейтингте 7-орында болған, ал Алмабаев 14-орында тұрды. 22 қазан күні Асу рейтингде бразильялық файтердің орнына көтерілу қажет.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie