locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Арман Царукян – Маурисио Руффи. Тікелей эфир. LIVE-көрсетілім

Арман Царукян UFC 331 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірін өткізеді
Арман Царукян – Маурисио Руффи. Тікелей эфир. LIVE-көрсетілім
ФОТО: Getty images

20 қыркүйекте Лос-Анджелесте UFC 331 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде Арман Царукян мен Маурисио Руффи кездеседі. Жеңіл салмақтағы айқас бес раундқа жоспарланған және Джошуа Ван мен Алешандре Пантожа арасындағы титулдық реванштың алдында өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz

Царукян октагонға Дэн Хукерді жеңгеннен кейін қайта оралады. 2025 жылдың қарашасында Арман жаңазеландиялық қарсыласын партерге түсіріп, екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіске жеткен еді. Қазір 29 жастағы файтердің бес жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясы бар. Кәсіпқой мансабындағы көрсеткіші - 23 жеңіс және 3 жеңіліс.

Руффидің рекорды - 14-2. Бенуа Сен-Дениден жеңілгеннен кейін бразилиялық қатарынан екі жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Ол Рафаэль Физиев пен Майкл Чендлерді жеңді. Енді UFC жеңіл салмағындағы үздіктердің бірі Царукянмен кездесу Руффи үшін үлкен сынақ болмақ.

Ресми салмақ өлшеу рәсімінде екі спортшы да белгіленген лимиттен асқан жоқ. Царукян таразыда 156 фунт (70,76 кг), ал Руффи 155 фунт (70,31 кг) көрсетті.

UFC 331 турнирінің негізгі кард бөлігі Қазақстан уақытымен 06:00-де басталады. Сондықтан Царукян мен Руффидің октагонға шығатын нақты уақыты алдыңғы жекпе-жектердің ұзақтығына байланысты болады.

Арман Царукян – Маурисио Руффи жекпе-жегінің тікелей трансляциясы UFC-дің ресми арнасында қолжетімді болады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie