Алмахан UFC-де екінші жекпе-жегін өткізеді – қарсыласы анықталды
UFC қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның (11-2) келесі жекпе-жегін ресми түрде растады. Спортшы 11 мамырда Канададағы Монреаль қаласында октагонға шығып, жергілікті спортшы Брэд Катонамен (14-4) кездеседі.
- "Бекзат Алмахан Канаданың Монреаліне аттанып, UFC 315 турнирінде Брэд Катонамен жекпе-жек өткізеді! Қалай ойлайсыз, кім жеңіске жетеді?" – деп жазылған UFC-дің ресми Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 2024 жылдың мамыр айында өткізіп, сол кезде жеңілмеген ресейлік Умар Нурмагомедовпен (18-1) кездескен. Қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңілгенімен, жекпе-жек барысында қарсыласын нокдаунға түсіріп, ММА жанкүйерлерінің назарын аударған болатын.
Енді Алмаханның UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Ол өз алаңында өнер көрсететін тәжірибелі канадалық қарсыласын жеңуге тырысады.
Сондай-ақ оқыңыз: Alash Pride жарияланды: Астанадағы турнир топ жауынгерлерді жинайды