locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: «Барыс» Астанада «Авангардты» қалай талқандады

Михаил Кравец шәкірттері 5:1 есебімен жеңіске жетті
ФОТО: «Барыс»

10 қазанда астаналық «Барыс» өз айдынында омбылық «Авангардты» (5:1) Континентальды хоккей лигасының тұрақты чемпионаты матчында ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Михаил Кравец шәкірттері кездесудің басында алғашқы болып шайба өткізіп алғанымен, абдырап қалмай, қарсыласының қақпасына жауап ретінде бес шайба соқты.

Тайс Томпсон мен Джастин Бейли дубль жасаса, тағы бір дәл соққыны Мэйсон Морелли өз атына жазды.

Ойсырата жеңген бұл жеңіс Кравец командасына 16 ұпаймен ҚХЛ-дың Шығыс конференциясындағы үздік үштікке кіруге мүмкіндік берді. «Авангард» 12 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.

12 қазанда «Барыс» өз алаңындағы ойындар сериясын Астана мұз сарайында «Сибирьге» қарсы матчпен жалғастырады.

Назарларыңызға ҚХЛ-дағы «Барыс» – «Авангард» (5:1) матчының бейнешолуын ұсынамыз

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie