locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚХЛ турнирлік кестесі: «Авангардты» ойсырата жеңген «Барыс» нешінші орынға көтерілді

Астаналық «Барыс» омбылық «Авангардты» 5:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға көтерілді
ҚХЛ турнирлік кестесі: «Авангардты» ойсырата жеңген «Барыс» нешінші орынға көтерілді
ФОТО: Барыс ХК

Астаналық «Барыс» өз алаңында «Авангардты» ірі есеппен жеңіп, Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Шығыс конференциясындағы орнын нығайтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Михаил Кравец жаттықтыратын команда қарсыласын 5:1 есебімен ұтып, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл нәтиже қазақстандық клубтың турнирлік кестеде жоғары көтерілуіне мүмкіндік берді.

13 матчтан кейін астаналық команда 16 ұпай жинап, Шығыс конференциясында үшінші орынға жайғасты.

«Барыстан» жоғары тұрған екі команда ғана бар. Бірінші орынды 23 ұпаймен Магнитогорскінің «Металлургі» иеленсе, 18 ұпай жинаған Нижнекамскінің «Нефтехимигі» екінші сатыда келеді.

ҚХЛ Шығыс конференциясының турнирлік кестесі:

ФОТО: Чемпионат

Осылайша, «Барыс» екінші орында тұрған «Нефтехимиктен» небәрі екі ұпайға қалып келеді. Оның үстіне, астаналықтар қарсыласына қарағанда бір матч кем өткізген.

Дегенмен үздік үштіктегі орынды сақтап қалу оңай болмайды. «Амур», «Салават Юлаев» және «Ак Барс» командаларының әрқайсысында 15 ұпайдан бар. Олар «Барыстан» бір ғана ұпайға қалып тұр.

Ал «Авангардқа» қарсы жеңіс қазақстандық клубтың омбылықтардан айырмасын төрт ұпайға дейін ұлғайтты. Жеңілістен кейін «Авангард» 12 ұпаймен Шығыс конференциясының тоғызыншы орнында қалды.

Келесі кездесуін «Барыс» 12 қазанда өз алаңында Новосібірдің «Сибирь» командасына қарсы өткізеді. Қарсылас 14 матчта 11 ұпай жинап, Шығыс конференциясында оныншы орында тұр.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie