locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Минскінің «Динамосын» жеңгеннен кейін «Барыстың» ҚХЛ-дегі турнирлік жағдайы

Астаналық команда қатарынан үш жеңілістен тұратын сериясын үзді
Хоккей
ФОТО: «Барыс»

28 қазанда астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының сырт алаңдағы матчында минскілік «Динамоны» минималды есеппен жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Михаил Кравецтің командасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, қатарынан үш жеңілістен тұратын сериясын үзді. Матчтағы жалғыз әрі жеңіс әкелген шайбаны астаналық команданың шабуылшысы Семен Симонов соңғы 20 минуттық кезеңде соқты.

Бұл жеңіс Михаил Кравецтің командасына 23 ұпай жинап, ҚХЛ тұрақты чемпионатының Шығыс конференциясындағы үшінші орынға қайта оралуға мүмкіндік берді. Шығыста 34 ұпаймен «Металлург» көш бастап келеді. Екінші орында — «Нефтехимик» (25 ұпай).

Батыс конференциясының үздік үштігіне ЦСКА (30 ұпай), «Локомотив» (28) және «Барыстың» келесі қарсыласы «Шанхай Дрэгонс» (26) кіреді.

30 қазанда астаналық команда сырт алаңда шанхайлық ұжымға қарсы ойнайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie