«Семей» Чемпиондар лигасын әсерлі жеңіспен бастады
Қазақстандық «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы турда словакиялық «Лученецке» қарсы матчты аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Командалар Словакиядағы кездесуді мына құрамдармен бастады:
«Семей»: Книис, Дедезиньо, Кандидо, Родригиньо, Торрес — Игита, Пиялы, Есенаманов, Оразов, Педриньо, Фернан, Турегазин, Турсагулов, Оливейра Гомес.
«Лученец»: Карпяк, Молеро, Мачадо, Леовски, Доша — Мичуда, Варшо, Беланик, Грешко, Мартинш, Новенко, Белик, Берки, Гонсалвеш.
Кездесу қазақстандық команданың 6:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. 7-минутта Турегазин есеп ашса, 18-минутта Педриньо басымдықты еселеді.
Екінші таймда словакиялық команданың қақпасына тағы төрт гол соғылды. Дәл соққыларын Родригиньо, Пиялы, Дедезиньо және Есенаманов өз есептеріне жазды.
Сонымен қатар 1-топта «Семейдің» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары испаниялық «Барселона» мен швейцариялық «Минерва» болды. 29 қазанда қазақстандық команда «Барселонаға» қарсы ойнайды.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат» 2026/2027 жылғы маусымдағы футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығу мәселесін УЕФА-ның күтпеген шешімінен кейін мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.