locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кравец «Барыстың» «Сібірді» ірі есеппен жеңгені туралы пікір білдірді

Астаналық команданың бас бапкері шәкірттерінің ойынына дән риза болды
Кравец «Барыстың» «Сібірді» ірі есеппен жеңгені туралы пікір білдірді
ФОТО: ХК Барыс

«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец астаналық команданың Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымдағы алғашқы матчында «Сібірді» ірі есеппен жеңуіне баға берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Астана командасының бапкері хоккейшілерінің ойынына көңілі толғанын айтты. Сонымен қатар ең нәтижелі болған екінші кезеңді «Барыс» қажетті деңгейде бастай алмағанын атап өтті:

«Бүгін жігіттер біз сұрағанның бәрін жасады. Жалпы, біз осылай жаттықтық. Бұл шабуылда пайда әкелуі тиіс жақсы қорғаныс. Сол шабуылдағы тиімді әрекеттер де жақсы болды, қарсыласқа аймақтан шығуға мүмкіндік бермедік. Мұның өзі тағы да шабуылда жақсырақ ойнауымызға ықпал етеді.

Екінші кезеңді аса жақсы бастаған жоқпыз, қателіктер болды. Бірақ қарсы шабуыл кезінде болған сол сәттерімізді голға айналдырдық. Әрине, кейін дұрыс ойын көрсету арқылы қарсыласты соңына дейін тықсырдық. Үшінші кезеңде де команда тапсырманы орындағанына қуаныштымын», — деді Кравец матчтан кейінгі пікірінде.

Еске салайық, «Барыс» «Сібірді» 7:1 есебімен жеңді. Кравец шәкірттері келесі матчын да өз алаңында өткізеді — 9 қыркүйек күні Астана уақытымен 19:00-де Уфаның «Салават Юлаев» командасына қарсы ойнайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie