locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» ҚХЛ маусымын жеті шайбалы жеңіспен бастады

«Сібір» Астана командасының өз алаңындағы шабуылынан ойсырай жеңілді
«Барыс» ҚХЛ маусымын жеті шайбалы жеңіспен бастады
ФОТО: ХК Барыс

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа тұрақты маусымды өте сәтті бастады. Өз алаңында новосібірлік «Сібірге» еш мүмкіндік қалдырмай, ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Михаил Кравец шәкірттері өз алаңындағы жеңістің негізін бірінші кезеңнің ортасында қалады. Жаңа маусымдағы алғашқы шайбаны Всеволод Логвин соқты. Ал негізгі голдар легі екінші жиырма минуттықта орын алды.

Екінші кезеңнің 14 минуты ішінде «Барыс» қарсыласының қақпасына бес шайба соқты. Оның тек біреуі ғана сан басымдығы кезінде енгізілді. Осылайша, матчтағы екінші сирена алаң иелерінің 6:0 есебімен алда екенін көрсетті.

Үшінші кезеңнің басында «Сібір» қақпасына жетінші шайба соғылды. Дегенмен, қонақтар кейін есеп айырмасын қысқарта алды. Нәтижесінде «Барыс» ҚХЛ маусымындағы алғашқы матчында 7:1 есебімен ірі жеңіске жетті.

Хоккей, ҚХЛ

«Барыс» — «Сібір» — 7:1

Шайбалар: Логвин (Симонов + Ляпунов), 12:47, Қайыржан (Самат + Приски), 24:27, Бэйли (Морелли + Самат), 30:30, Симонов (Қайыржан + Логвин), 33:42, Приски (Логвин + Симонов), 36:39, Бэйли (Пилот + Шэпэрд), 38:35, Пилон (Морелли + Бэйли), 46:33 — Валитов (Бек + Аланов), 53:30

Михаил Кравец шәкірттері келесі матчын да өз алаңында өткізеді. 9 қыркүйек күні Астана уақытымен 19:00-де олар Уфаның «Салават Юлаев» командасын қабылдайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie