locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыстың» екі көшбасшысы ҚХЛ жұлдыздарының символикалық құрамына енді

Құрамға қақпашы Андрей Шутов пен шабуылшы Джастин Бэйли кірді
Хоккей
«Барыстың» екі көшбасшысы ҚХЛ жұлдыздарының символикалық құрамына енді
ФОТО: ХК «Барыс»

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) қазан айындағы үздік ойыншылардан құралған символикалық құрамды таныстырды. Астана қаласының «Барыс» клубының бірден екі өкілі үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Лиганың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026/2027 жылғы маусымның екінші айы Шутов үшін айрықша сәтті өтті. Қазақстандық қақпашы лиганың үздік голкиперлерінің бірі деп танылып, жұлдыздардың символикалық құрамынан да орын алды.

Қазан айында 28 жастағы хоккейші жеті матч өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті. Шутов қақпасына бағытталған соққылардың 94,57 пайызын қайтарды, ал сенімділік коэффициенті бір ойынға орта есеппен 1,70 шайбаны құрады. Қақпашы екі рет қақпасына гол жібермеді.

Жұлдыздар командасындағы «Барыстың» тағы бір өкілі Джастин Бэйли болды. Канадалық шабуылшы екінші ай қатарынан ҚХЛ-дың символикалық құрамына оң қанаттағы форвард позициясына енді.

Қазан айының қорытындысы бойынша Бэйли 10 (5+5) ұпай жинады. Осылайша легионер астаналық клуб шабуылының негізгі ойыншыларының бірі болып қала берді.

Айта кетейік, жұлдыздардың символикалық құрамына Қазақстан құрамасының қорғаушысы Валерий Орехов («Металлург») та кірді.

Қазақстандық команда келесі кездесуін ертең, 4 қарашада челябілік «Тракторға» қарсы өткізеді. Матч сырт алаңда өтіп, Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.

21 ойыннан кейін «Барыстың» еншісінде 25 ұпай бар. Команда Шығыс конференциясында үшінші орында келеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie