«Барыс» ҚХЛ-дің үздік командалары рейтингінің топ-6 тобына енді
Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) маусымның сегізінші ойын аптасының қорытындысы бойынша командалардың күш индексі рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Астаналық «Барыс» бірден тоғыз позицияға көтеріліп, айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Рейтингтің жаңа нұсқасында елордалық команда алтыншы орынға жайғасты.
Күш индексі – командалардың ағымдағы маусымдағы нәтижелері негізінде есептелетін математикалық рейтинг. Тұрақты чемпионаттың басында барлық қатысушы бірдей ұпай санын алады.
Негізгі уақытта жеңіске жеткен команда қарсыласының ұпайының 25 пайызын иеленеді. Егер матч овертаймдағы немесе буллиттер сериясындағы жеңіспен аяқталса, клуб 12,5 пайыз алады.
Осылайша, рейтинг ҚХЛ қатысушыларының қазіргі формасын көрсетіп, қай командалардың өрлеу үстінде екенін, фавориттерді тұрақты түрде жеңіп жүргенін және жеңісті сериялар жасап жатқанын бағалауға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, Михаил Кравец шәкірттері алдыңғы матчта Санкт-Петербургте Шанхай Драгонс командасымен кездесіп (4:2), Қиыр Шығыстағы қонақтар сериясын жалғастырды.
Қазақстандық команда келесі кездесуін ертең, 4 қарашада челябілік «Трактормен» өткізеді. Матч сырт алаңда өтіп, Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.
21 ойыннан кейін «Барыстың» еншісінде 25 ұпай бар, команда Шығыс конференциясында үшінші орында келеді.