«Барыс» - «Сібір». Онлайн көру.LIVE-көрсетілім
7 қыркүйекте «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матчын өткізеді. Астаналық команда өз айдынында Новосібірдің «Сібірін» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Барыс» үшін бұл 2026/27 маусымындағы алғашқы кездесу болмақ. Ал «Сібір» чемпионатта бір матч өткізіп үлгерді. Алғашқы ойында новосібірлік клуб Қазанда «Ақ Барсқа» қарсы шығып, овертаймда 3:4 есебімен жеңілді. Кездесу барысында «Сібір» 3:1 есебімен алда болғанымен, басымдығын сақтап қала алмады. Соған қарамастан, команда бір ұпай еншіледі.
Өткен маусымда қос ұжымның нәтижесі әртүрлі болды. «Барыс» тұрақты чемпионатты Шығыс конференциясының оныншы, яғни соңғыдан бір саты жоғары орнында аяқтап, плей-оффқа өте алмады.
Ал «Сібір» сегізінші орын алып, Гагарин кубогына жолдама алды. Плей-оффтың алғашқы кезеңінде Новосібір командасы Магнитогорскінің «Металлургімен» кездесіп, серияда 1:4 есебімен есе жіберді.
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.