«Барыс» ҚХЛ-дағы «Ақ Барсқа» қарсы сырт алаңдағы матчқа құрамын жариялады
Астаналықтардың Қазандағы ойынға шығатын құрамы белгілі болды
ФОТО: «Барыс»
30 қыркүйекте «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында Қазанның «Ақ Барысына» қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Астаналықтардың мұз айдынына қандай құраммен шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец матчқа мына құрамды таңдады:
- Қақпашылар: Шутов, Шепард
- 1-буын: Масси, Данияр, Логвин, Ляпунов, Симонов
- 2-буын: Маккошен, Дэй, Бэйли, Морелли, Пилон
- 3-буын: Приски, Бритиков, Томпсон, Қайыржан, Өмірбеков
- 4-буын: Оразов, Әлібек, Шестаков, Шайхмедденов, Савицкий
Қазан қаласындағы «Татнефть Аренада» матчтың алғашқы ысқырығы Астана уақытымен 21:00-де естіледі. Ойын трансляциясы — Qazsport телеарнасында.
Матч қарсаңында командалар ҚХЛ турнир кестесінде көршілес орналасқан: «Ақ Барс» 13 ұпаймен және бір ойыны қорда бар төртінші орында, ал «Барыс» қазандықтардан үш ұпайға қалып, бесінші сатыда тұр.