Қазақстанның әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы матчтарының кестесі белгілі болды
Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы 2027 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін матчтардың кестесін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Топтық кезеңдегі барлық матчтарын Қазақстан құрамасы Германияның Дюссельдорф қаласында өткізеді. Алғашқы кездесу 15 мамырда Чехия құрамасына қарсы өтсе, соңғысы 24 мамырда Венгрияға қарсы болады.
Қазақстан құрамасының 2027 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңіндегі матчтар кестесі
- 15 мамыр, 19:20. Қазақстан — Чехия
- 16 мамыр, 15:20. Словакия — Қазақстан
- 18 мамыр, 19:20. Қазақстан — Дания
- 19 мамыр, 19:20. АҚШ — Қазақстан
- 21 мамыр, 19:20. Канада — Қазақстан
- 22 мамыр, 15:20. Норвегия — Қазақстан
- 24 мамыр, 19:20. Қазақстан — Венгрия
Еске салайық, топта төртінші орыннан төмен емес нәтиже көрсету Қазақстан құрамасына әлем чемпионатының ширек финалына шығуға кепілдік береді. Ал бесіншіден жетінші орынға дейінгі нәтижелер элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Топтағы соңғы орын Қазақстанның ІА дивизионына түсіп қалуын білдіреді. Дәл осы дивизионнан Қазақстан Украинамен бірге 2026 жылғы турнир қорытындысы бойынша элиталық дивизионға көтерілген еді.