locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлем чемпионатының қорытынды кестесі: Қазақстанмен бірге қай команда жоғары лигаға шықты?

Польша – Литва матчы күтпеген сценариймен аяқталды
Хоккей
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Әлем чемпионатының қорытынды кестесі: Қазақстанмен бірге қай команда жоғары лигаға шықты?
ФОТО: polskihokej.eu

9 мамырға қараған түні хоккейден IA дивизионы бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Соңғы ойын күнінде Қазақстан құрамасымен бірге қай ел жоғары лигаға өтетіні шешілді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Барлығы соңғы турдағы Украина мен Польша құрамаларының кездесуімен шешілді. Дмитрий Христичтің шәкірттері Жапонияны 3:1 есебімен тізе бүктіріп, уақытша екінші орынға көтерілді. Бұл орнын поляктар тартып алуы мүмкін еді.

Ол үшін поляк командасы Литваны негізгі уақытта жеңуі тиіс болатын, алайда бұл орындалмады. Керісінше, овертаймда балтық командасы 2:1 есебімен сенсациялық жеңіске қол жеткізді. Осылайша, әлемдік хоккей элитасына Қазақстанмен бірге Украина да сенсациялық түрде оралады – олар бұл деңгейде соңғы рет 2007 жылы ойнаған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie