locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Автомобилист» Астанада жеңіске жете ме? ҚХЛ «Барыс» матчының анонсын ұсынды

«Барыс» үш матчтан тұратын үй сериясын аяқтайды, ал «Автомобилист» төрт ойынға созылатын сапарға аттанды
ФОТО: ХК "Барыс"

ҚХЛ-дың ресми сайты Астананың «Барысы» Екатеринбургтен келген «Автомобилисті» қабылдайтын тұрақты чемпионат матчының превьюімен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Оралдықтардың соңғы бес кездесудегі төрт жеңісі бар екені атап өтілді. Алексей Кудашов шәкірттері Астанадағы ойынға жеткілікті ұзақ үзілістен кейін шығады: олар соңғы матчын 6 қазанда өз айдынында өткізген. Сол кездесуде оралдықтар «Авангардтан» келген қонақтарға еш мүмкіндік бермей, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

«Қақпашы Евгений Аликин ҚХЛ-дағы мансабында 29-рет қақпасын голдан аман сақтады. Оның қазіргі «құрғақ» сериясы 71 минут 2 секундқа созылып отыр. Екі күн бұрын «Барыс» өз айдынында «Сібірмен» өткен кездесуде (2:3) жеңісті уысынан шығарып алды: үшінші кезеңнің ортасына дейін бір шайба айырмасымен алда келе жатқан еді. Дегенмен Михаил Кравец командасының турнирлік жағдайы жақсы – 16 ұпаймен алаң иелері Шығыс конференциясында бесінші орында тұр. Екатеринбургтік клубтың бір ұпайы кем және жетінші орында орналасқан», - делінген хабарламада.

«Барыстың» қорғаушысы Логан Дэй жеке нәтижелі сериясын алты матчқа дейін жеткізді (0+10). Астаналықтардың шабуылшысы Мэйсон Морелли қатарынан төрт ойында ұпай жинап жүр (2+3). Джастин Бэйли алаң иелерінің құрамындағы ғана емес, бүкіл тұрақты чемпионаттың үздік сұрмергені әрі бомбардирлерінің бірі (10+7). «Автомобилист» сапында жинаған ұпайы мен нәтижелі пастары бойынша Александр Шаров көш бастап тұр (3+10). Екатеринбургтік команданың шабуылшысы Александр Кадейкин мұзға шыққан жағдайда ҚХЛ-дағы 800-ші мерейтойлық матчын өткізеді.

«Барыс» Лига тарихында «Автомобилисті» 33 рет жеңген, ал оралдықтардың еншісінде астаналықтармен өткен 24 өзара кездесу бар.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie