locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Грек-рим күресінен әлем чемпионы атанғандар — Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: НОК РК

Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Юсуф Ашрапов турнир жолын сенімді өтіп, финалда Армения өкілі Гаспар Тертерянмен кездесті. Тартысты белдесуде қазақстандық балуан 4:3 есебімен жеңіске жетіп, U-23 әлем чемпионы атанды.

Қазақстанға тағы бір алтын медальді 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айбек Айтбеков сыйлады. Ол турнирдегі барлық белдесуінде жеңіске жетіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Жартылай финалда Айбек украиналық балуан Евген Поковбаны 5:4 есебімен жеңсе, шешуші белдесуде Әзербайжан өкілі Эльмир Алиевпен кездесті. Финалдық белдесу қазақстандық балуанның 13:4 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды.


Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі әлем чемпионатының медальдары үшін күресін жалғастыруда. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдахұн ресейлік балуанды 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты. Алтын медаль үшін белдесуде ол Иран өкілі Ясин Али Яздемен кездеседі.

130 келіге дейінгі салмақта Джохар Узров жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, енді әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie