Қайраттың кезекті жеңісі мен Атыраудағы қызу ойын. Қазақстан чемпионатының 28-ші турының қорытындысы
Бүгін, 2 наурызда футзалдан Қазақстан тұрақты чемпионатының 28-турының 5 кездесуі өтті.
“Қайрат” 8 гол соғып, “Астананы” тағы да тас-талқан етті. “Астана” сапында Мәжитов кешегі ойындағыдай дубль жасады, бірақ бұл командаға көмектеспеді.
“Тұлпар” “Каспий” қақпасына 3 гол соғып, сенімді есепті орнатқанымен, бірінші таймның соңына қарай ақтаулық клуб есепті теңестірді. Екінші таймда қарағандылықтар 6:5 есебімен минималды басымдықпен маңызды жеңіске қол жеткізді.
“Атырау” мен “Жетісуда” кезекті доп атысы болды. Бұл жолы есеп 4:4 болды.
“Аят” “Бәйтеректі” 4:2 есебімен сенімді ұтты.
“Ордабасыдан” бірінші голды өткізіп алған “Семей” кейін 7 гол соғып, ойсырата жеңіске жетті. Дедезиньо мен Герейханов екі голдан соқты.
Қазақстан чемпионаты. 27-ші тур. 2 наурыз
Қайрат - Астана - 8:3
Голдар: Денер (дубль), Занотто, Кнауб, Турсагулов, Оразов, Эдсон, Кайо Руиз, - Мажитов (дубль), Зайцев.
Тұлпар - Каспий - 6:5
Голдар: Абдирашитов, Малибеков, Черномордов, Апсалямов (дубль), Бикбаев - Риси, Эвертон, Кенжегали (дубль), Каракулов.
Атырау - Жетісу - 4:4
Голдар: Кручинин (дубль), Кайке Аледес, Габриель - Аллеф, Финео, Досов, Токаев.
Аят - Бәйтерек - 4:2
Голдар: Валиуллин (дубль), Сагындыков, Графский - Томас да Силва, Негуеба.
Семей - Ордабасы - 7:3
Голдар: Есенаманов, Герейханов (дубль), Дедезиньо (дубль), Турегазин, Карменов - Пиялы, Розенски, Витела.